IMPARTING VALUES THROUGH TEACHING FOREIGN LANGUAGES
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v55i2.564Кілт сөздер:
құндылықтар, оқыту, білім беру, шет тілі, Құндылыққа негізделген білімАңдатпа
Салыстырмалы түрде жас мемлекет болып табылатын Қазақстанның білім беру жүйесі жетілдірулер мен толықтыруларға мұқтаж екендігі белгілі. Қазақстанда құндылықтарға негізделген білім беру салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып табылады және бірнеше мектептерде ғана қолданылады. Бұл жұмыс, бір жағынан құндылықтарға негізделген білімнің қажеттілігін түсіндірсе, екінші жағынан, оқушыларға құндылықтарды енгізудің тиімді құралы ретінде шет тілін қолдануға бағытталған. Тілдерді оқытуда құндылықтарды енгізу (кіріктіру) процесі өте күрделі. Бұл мақалада құндылықтарға негізделген шет тілі сабақтарын тиімді жоспарлаудың мүмкін жолдары туралы айтылады. Орта мектеп оқушыларына оқытудың құндылықтық тәсілінің әсері талқыланады.