«Мен оны ағылшынша мәтінімді жетілдіру үшін қолданамын»: Қазақстандағы зерттеушілердің ғылыми жазуда жасанды интеллектті қолдануы

Авторлар

  • Гаухар Ерсултанова SDU University Автор
  • Айдос Мырзабек SDU University Автор
  • Д. Филип Монтгомери Назарбаев Университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/4cxne315

Кілт сөздер:

ЖИ құралдары, ғылыми жазу, Қазақстандағы академиялық жазу, көптілді зерттеушілер, сыни ЖИ сауаттылығы

Аңдатпа

Жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуы жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулердегі академиялық жазу тәжірибесіне елеулі ықпал етуде. Бұл зерттеу Қазақстандық зерттеушілердің ғылыми жазуда ЖИ құралдарын пайдалану тәжірибесін және олардың жазу үдерісіндегі рөлін қалай түсіндіретінін анықтауға бағытталған. Деректер «Ғылыми жазуда генеративті ЖИ құралдарын қалай қолданасыз?» деген ашық сұраққа берілген жауаптар негізінде жиналды. 171 жауапқа жүргізілген Браун және т.б. ұсынаған тақырыптық талдау бойынша анализ жасалып, нәтижесінде төрт негізгі тақырып айқындалды: ЖИ құралдарына қатысты жалпы көзқарастар, олардың қабылданатын рөлдері, практикалық қолданылуы және ЖИ қолдану бойынша оқыту қажеттілігі. Нәтижелер қатысушылардың ЖИ құралдарын идея генерациясы, әдебиеттерге шолу, мәтін құрастыру, редакциялау, парафраз жасау, аудару және күрделі ұғымдарды түсіндіру үшін қолданатынын көрсетті. Қатысушылар ЖИ-ды “көмекші”, “редактор” және “бірлескен автор” ретінде сипаттағанымен, түпкілікті жауапкершіліктің зерттешіде қалатынын атап өтті. Сонымен қатар, ЖИ ағылшын тіліндегі мәтінді жетілдіруде және халықаралық академиялық жарияланымдарға қатысуды жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері ғылыми жазуда ЖИ-ды жауапты енгізу үшін сыни ЖИ сауаттылығы мен институционалдық қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи