Болашақ ғалымдарды қалыптастыру: IZHO халықаралық олимпиадасының жоғары сынып оқушыларының STEM бағыттарына қызығушылығы мен дағдыларын дамытуға ықпалы

Авторлар

  • Ақниет Иссаин SDU University Автор
  • Самат Максутов SDU University Автор
  • Назарали Айтжанов SDU University Автор
  • Азатжан Байтеков SDU University Автор
  • Халит Йылмаз SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/38bafe83

Кілт сөздер:

: STEM білім беру, XXI ғасыр дағдылары, Олимпиадаға қатысу, дағдыны дамыту, гендерлік айырмашылықтар, STEM мансаптары

Аңдатпа

Бұл зерттеу Халықаралық Жәутіков олимпиадасына (IZhO) қатысудың мектеп оқушыларының XXI ғасыр дағдылары мен STEM мамандықтарына қызығушылығына әсерін зерттейді. Аралас әдістеме (mixed-methods) негізінде жүргізілген зерттеу жыныстық айырмашылықтарды, STEM салалары арасындағы ерекшеліктерді, жас ерекшеліктерін, 
мектеп түрінің ықпалын және қатысу жиілігінің әсерін талдайды. Зерттеу нәтижелері бойынша қыз балалар Ер балаларға қарағанда Презентация, Ғылыми ойлау және Ынтымақтастық дағдыларының анағұрлым жоғары дамығанын көрсетті. STEM бағыттары арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмады, бұл IZhO-ның Математика, Физика және 
Информатика оқушылары үшін бірдей тиімділігін көрсетеді. Жас ерекшелігіне қарай талдау 
нәтижесінде 13–14 жастағы оқушылар Жалпы дағдылар, Презентация және Мәселені шешу 
салаларында жоғары өсімді байқаған. Кәсіптік мектеп оқушылары Технология дағдылары бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар, Олимпиадаға орташа деңгейде (10–20 рет) қатысқан оқушыларда Сыни ойлау дағдысы айтарлықтай жақсарған. Бұл нәтижелер Олимпиадаға қатысудың маңызды дағдыларды дамытудағы және STEM саласына қызығушылықты арттырудағы әлеуетін көрсетеді. Сондай-ақ, жас және жыныс ерекшеліктерін ескеретін арнайы тәсілдер, мектеп түріне бейімделген әдістер қажет екенін 
және бірнеше рет қатысудың мотивациясын сақтауға бағытталған стратегияларды әзірлеудің 
маңыздылығын айқындайды. Зерттеу STEM байқауларының болашақтағы академиялық және 
кәсіби табысқа дайындаудағы рөлін атап көрсетеді. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-30