Журнал саясаты
» Алдын ала басып шығару және басып шығарудан кейінгі саясат
Мақсаттары мен міндеттері
“SDU University Хабаршысы: педагогика және оқыту әдістемесі” – рецензияланатын, үш тілде (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде) жарық көретін, білім беру және оқыту әдістемесінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми басылым. Журнал білім беру саласының барлық қырларын қамтитын түпнұсқа ғылыми мақалалар мен әдебиетке шолуларды жариялайды. Басылым жылына төрт рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларында) электронды нұсқада шығарылады.
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілетін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» мемлекеттік бұйрығы негізінде, сондай-ақ университеттің ғылыми жарияланымдар саласындағы саясатына сәйкес әзірленген.
Журналдың мақсаты – педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерін қамту, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен алмасу, халықаралық ғылыми қауымдастыққа интеграциялану, сондай-ақ білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
Журналдың қолданылу саласы және ғылыми бағыттары, оның ішінде:
- білім беру теориясы мен практикасы (шетел тілінде білім беру, инновациялық білім беру әдістері, біртұтас білім беру, психологиялық-педагогикалық білім беру, инклюзивті білім беру, бастауыш білім беру, біліктілікті арттыру, білім берудегі идеология және құндылыққа негізделген тәрбие);
- білім беру саласындағы әкімшілік басқару (білім беру саласындағы саясат, оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім берудегі басқару және көшбасшылық);
- STEM білім беру бағыты (физика саласындағы білім, математика саласындағы білім, химия саласындағы білім, биология саласындағы білім, EdTech);
- цифрлық білім беру (қашықтықтан оқыту, онлайн білім беру, білім беруде заманауи технологиялар, IT-технологиялар).
Мерзімділік
Басылым жылына төрт рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларында) электронды нұсқада шығарылады.
Еркін қолжетімділік саясаты
Журнал сайты Open Journal System платформасында әзірленген, университеттің серверінде орнатылған және келесі сілтемеде қолжетімді: https://ptm.sdu.edu.kz/. Журналдың шығарылым архиві келесі сілтемеде қолжетімді: https://ptm.sdu.edu.kz/index.php/ptm/issue/archive.
Негізін қалаушы
«SDU University» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы
Жарна ақысы
Тек университеттің ғылыми басылымдары туралы ережелерімен қарастырылған жағдайларда ғана болмаса, «SDU University хабаршысы: педагогика және оқыту әдістемесі» журналында мақала жариялау үшін авторлардан материалды жіберу немесе жариялау үшін ақы алынбайды. Журнал мақалаларына ашық түрде қолжетімді, яғни барлық мақалаларды интернетте еркін оқуға болады.
Авторлық құқықтар
Авторлар өздерінің зерттеулерінің нәтижелеріне немесе деректеріне түсінік берулеріне әсер етуі мүмкін кез келген қаржылық немесе өзге де маңызды мүдделер келіспеушілігіі туралы ақпаратты өз қолжазбаларында ашық көрсетуге міндетті. Сонымен қатар, олар жобаны қаржылай қолдаған барлық көздерді көрсетуі тиіс.
Жарияланбаған қолжазбаны редактор автордың жазбаша рұқсатынсыз өз зерттеулері үшін пайдалана алмайды. Рецензиялау процесінде алынған кез келген құпия ақпарат немесе идеялар құпия болып қалуы және жеке мақсаттарда қолданылмауы тиіс. Егер редактордың авторлардың біреуімен, компаниялармен немесе қолжазбаға байланысты мекемелермен бәсекелестік, ынтымақтастық немесе басқа қатынастары салдарынан мүдделер қайшылығы болса, ол қолжазбаны өңдеуден бас тартуы және бұл міндетті редакциялық алқаның басқа мүшесіне тапсыруы қажет. Редакторлар барлық авторлардан кез келген маңызды мүдделер қайшылығын ашуды талап етіп, жарияланғаннан кейін мұндай мүдделер белгілі болған жағдайда түзетулер енгізуге міндетті. Қажет болған жағдайда, қосымша шаралар қабылдануы мүмкін, мысалы, мақаланы қайтарып алу немесе мәселені қайта қарау.
Бұл бөлім Elsevier (https://www.elsevier.com/) және Жарияланымдық этика комитеті (COPE) (https://publicationethics.org/) ұсынған материалдар негізінде жасалған.
Плагиат мәселелері
«SDU University хабаршысы: педагогика және оқыту әдістемесі» академиялық адалдық пен жарияланымдардың этикалық стандарттарына ерекше мән береді. Авторлар өз еңбектерінің түпнұсқалығын қамтамасыз етіп, басқа авторлардың пайдаланылған еңбектері мен сөздерін дұрыс дәйектеуге міндетті. Плагиат ғылыми этикаға қайшы әрекет болып саналғандықтан оның кез келген түріне қатаң тыйым салынады. Бұл басқа авторлардың еңбектерінің елеулі бөліктерін тиісті авторлық сілтемесіз көшіру немесе қайта баяндау, сондай-ақ басқа зерттеушілер жүргізген зерттеу нәтижелерін иемденуді қамтиды.
Түпнұсқалық пен адалдықты сақтау мақсатында журнал плагиатты анықтауға арналған заманауи Turnitin құралын енгізді. Turnitin жүйесін қолдану журналдың академиялық сенімділікке деген жоғары стандарттарды сақтауға ұмтылысын көрсетеді. Барлық ұсынылған материалдар Turnitin арқылы плагиатқа тексеріліп, кем дегенде 80% түпнұсқалық деңгейі талап етіледі. Бұл үдеріс плагиаттың кездейсоқ немесе әдейі жасалуын анықтауға және алдын алуға бағытталған, осылайша түпнұсқалық пен сенімді зерттеулерді таратуға ықпал ететін ғылыми орта қалыптастырады.
Алдын алабасып шығару және басыпшығарудан кейінгі саясат
Жіберу процесінде авторлар қолжазбасының бұрын жарияланбағаныннемесе басқа жерде ұсынылмағанын тексеруі керек. Қолжазба «SDU University Хабаршысы`: Педагогика және Оқыту Әдістемесі» журналында жарияланғаннан кейін оны жеке немесе қоғамдық платформаларда бөлісу кезінде журналдың веб-сайтындағы мақаланың сілтемесін пайдалануды ұсынамыз.