CLIL APPROACH IN KAZAKHSTAN: LEARNERS’ PERCEPTION AND EXPERIENCES

Авторлар

  • A. Yesmuratova Автор
  • D. Shayakhmetova Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v57i4.605

Кілт сөздер:

мазмұн, қабылдау, қиындықтар, тілді меңгеру, қарым-қатынас, таным

Аңдатпа

Қазіргі қоғамда жаңа білім беру жүйесі қалыптасып, бір немесе бірнеше шет тілдерін меңгеру басымдыққа ие болып, кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының бірі ретінде қарастырылуда. Осыған орай, екінші тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері пайда болуда. Солардың бірегейі - шетел тілдерін оқыту мен оқудағы инновациялық тәсілдердің біріне айналып келе жатқан «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту» тәсілі. Алайда, бұл тәсілді жүзеге асыру процесіне қатысты туындайтын бірқатар мәселелер мен қиындықтар бар, сол себепті, бұл мақаланың негізгі мақсаты жоғары сынып оқушыларының CLIL туралы түсініктерін көрсету болып табылады. Зерттеу сұрақтары CLIL әдісін қолдану кезінде кездесетін қиындықтарды анықтауға және осы тәсілдің оқыту мен білім беру контекстіндегі артықшылықтарын көрсетуге бағытталған. Студенттердің CLIL тәсілі туралы көзқарастары мен түсініктерін зерттей отырып, CLIL сабағы кезінде кездесетін қиындықтардың шешімін табуға және олардың біліктіліктерін арттыруға болады

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи