ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАМАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛЕНДЕГІ STEAM TEACHING ПРАКТИКАЛАРАНЫҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ХАБАРДАР БОЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v61i4.908Кілт сөздер:
STEM , STEM білім беру бағыты , STEM дегі ағылын тілі , икемділік дағдылары , интеграцияланған тәсіл , кәсіби ағылшын тілі , ағылшын тілін оқытуАңдатпа
Бұл мақала мамандандырылған қазақстандық орта мектептерде STEM (Science, Technology, Engineering and Math) бағытын ағылшын тілінде оқытудың маңызды рөлін және мұғалімдер мен оқушылардың STEM білім беру бағытын ағылшын тілінде қолдануы туралы зерттеу қорытындыларын қарастырады. Мақалада ұсынылған деректер математика, физика және биология пәндерін тереңдетіп оқытатын қазақстандық орта мектептердің 149 оқушысы арасында жүргізілген сауалнамаға және аталған бағыттағы мектептерде STEM пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі бар 3 пән мұғалімімен жүргізілген сұхбат арқылы даярланған шағын көлемді зерттеулерге негізделген. Сауалнама нәтижелері оқушылардың STEM термині туралы жалпы білімінің салыстырмалы түрде төмен екенін көрсетті. Сондай-ақ мұғалімдермен жүргізілген сұхбат нәтижелері STEM әдісі мамандандырылған мектептерде ағылшын тілі арқылы қолданылатынын және қатысушылар бұл тәсілді PBL және CLIL сияқты басқа әдістермен байланыстыратынын көрсетті. Нәтижелер қазақстандық орта мектептерде интеграцияланған STEM білім беру бағытын ағылшын тілі арқылы оқытуды одан әрі зерттеу қажеттілігін ұсынады.