Университеттегі химия білімінде зерттеушілік құзыреттілікті дамытудағы зертханалық оқыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47344/dqt2ww10

Кілт сөздер:

Зерттеуге бағытталған оқыту, химияны оқыту, зертханалық оқыту, зерттеушілік құзыреттілік, ионалмастырғыш материалдар, квазиэксперимент, жоғары білім

Аңдатпа

Университеттегі химия зертханасы студентті дайын операцияларды орындауға ғана емес, зерттеу сұрағын қоюға, айнымалыны негіздеуге, деректі талдауға және нәтижеге рефлексия жасауға үйретуі тиіс. Осы орындаушылық пен зерттеушілік арасындағы алшақтықты азайту үшін ионалмастырғыш материалдарға негізделген төрт модульдік зертханалық оқыту форматы әзірленді. Зерттеудің мақсаты - аталған форматтың химия мамандығы студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігіне ықпалын бағалау. Жұмыс сынаққа дейінгі және сынақтан кейінгі бақылау тобы бар квазиэксперименттік дизайнмен жүргізілді. Зерттеуге 62 студент қатысты: эксперименттік топта 31, бақылау тобында 31 студент. Құзыреттілік когнитивтік, процедуралық, аналитикалық және рефлексивтік компоненттер арқылы бағаланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ионалмастырғыш материалдардың «алу-сыйымдылықты анықтау-құрылымдық сәйкестендіру-сорбциялық қолдану» тізбегін аталған төрт компонентпен сәйкестендіріп, біртұтас оқу-зерттеу моделі ретінде эмпирикалық бағалауда. Оқытудан кейін эксперименттік топта төмен деңгейдегі студенттер саны 13-тен 7-ге азайып, жоғары деңгей 1-ден 6 студентке өсті. Бақылау тобындағы өзгеріс баяуырақ болды. Pearson χ2 талдауы дәстүрлі статистикалық шекке жетпеді: χ2 (3, N = 62) = 7.08, p = .069; дәл шартты p = .072. Сондықтан нәтиже толық дәлелденген әсер ретінде түсіндірілмейді. Дегенмен эксперименттік топтағы деңгейлік жылжу және процедуралық пен аналитикалық компоненттердің қорытынды топаралық айырмасы педагогикалық тұрғыдан назар аудартады. Ионалмастырғыш материалдардың дидактикалық ерекшелігі - бір объектіде синтез шарты, функционалдық топ, ионалмасу сыйымдылығы, ИҚ-спектр және сорбция нәтижесін құрылым-қасиет-қызмет байланысында талдауға мүмкіндік беруі.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи