8-сыныпта физика бойынша зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және бағалау үшін критериалды-дескрипторлық жұмыс парағының моделі
DOI:
https://doi.org/10.47344/pthasm92Кілт сөздер:
критериалды бағалау, дескрипторлар, жұмыс парағы, физика бойынша зертханалық жұмыс, эксперименттік құзыреттілік, қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, педагогикалық қолдау, тұрақты электр тогы, физиканы оқыту әдістемесіАңдатпа
Мақала 8-сыныпта физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік құралы ретінде критериалды-дескрипторлық жұмыс парағының құрылымын теориялық тұрғыдан негіздеуге және сипаттауға арналған. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі ұйымдастыру жағдайында зертханалық жұмыстың көбіне тәжірибенің мақсатын, өлшеулер логикасын және алынған нәтижелердің физикалық мағынасын саналы түрде түсінбей, нұсқаулықты механикалық орындауға дейін қысқарып кетуімен байланысты. Зерттеу әдістемелік-жобалау сипатында жүргізілді және нормативтік талаптарды талдауды, критериалды және қалыптастырушы бағалау бойынша ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасауды, зертханалық жұмысты құрылымдық-функционалдық талдауды және жұмыс парағын әдістемелік модельдеуді қамтиды. Пәндік контекст ретінде «Тұрақты электр тогы» бөлімі бойынша бес зертханалық жұмыс таңдалды: электр тізбегін құрастыру, ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануын зерделеу, электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу. Нәтижесінде пәндік-мазмұндық, іс-әрекеттік және бағалау-рефлексивтік үш әдістемелік бағытты біріктіретін жұмыс парағының моделі әзірленді. Модель оқушының эксперименттік құзыреттілігінің алты компонентін, үш деңгейлі дескрипторлары бар бес бағалау критерийін және өзін-өзі бағалау элементін қамтиды. Ұсынылған құрылым зертханалық жұмысты орындауға қойылатын талаптарды айқын етеді, оқушының эксперименттік әрекеттерін бағалау критерийлерімен байланыстырады және қалыптастырушы кері байланыс үшін жағдай жасайды. Практикалық маңыздылығы модельді физика мұғалімдерінің зертханалық жұмыстарды дайындау барысында қолдана алуымен анықталады.