Аралас оқыту жағдайында химия пәні мұғалімінің көптілділік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.47344/w4bp2y46Кілт сөздер:
химияны көптілді оқыту, химиялық лабиринт, химиялық сөздік ойыны, скаффолдинг, миға шабуылАңдатпа
Мақалада аралас оқыту жағдайында химия мұғалімінің көптілді құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Химияның күрделі, бірақ қызықты мазмұнын тек ана тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерінде де игеруге ықпал ететін әдістемелік тәсілдерді іздеуге және негіздеуге баса назар аударылады. Зерттеудің мақсаты-тілдердің химияны оқыту процесіне интеграциялануын қамтамасыз ететін оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу және ұсыну. Жұмыста химиялық лабиринт, белгісіз затты анықта, химиялық сөздік ойыны, шифрланған сөйлем әдісі, сондай-ақ CLIL тәсілінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын скаффолдинг стратегиясы сияқты әдістемелік әдістер ұсынылған және сипатталған. Химиялық лабиринт әдісі мәтінмен жұмыс кезінде қолданылады және бірнеше тілдегі мазмұнды түсіну және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Таяу даму аймағы тұжырымдамасына негізделген скаффолдинг стратегиясы білім алушыларды оқу міндеттерін орындауда дербестікке қол жеткізу мақсатында кезең-кезеңімен қолдауды көздейді, бұл олардың білімдерін, дағдылары мен танымдық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Шифрланған сөйлем әдісінің тиімділігі білім алушылардың сөздік қорын жақсы түсінуге және есте сақтауға ықпал ететін әр сөздің мағынасына назар аудара отырып, сөздердің құрылысына мағыналы көзқараспен қарайтындығында көрінеді. Мақалада сонымен қатар ағылшын тілін интеграциялау кезінде химия сабағының әртүрлі кезеңдерінде осы әдістерді қолдану бойынша практикалық ұсыныстар берілген, бұл студенттердің көп тілді құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі мен оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.