Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасын өмірмен байланыстыра оқыту (Шерхан Мұртазаның «Тәуекел тойы» әңгімесі негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.47344/gm48rq67Кілт сөздер:
проза, оқыту, әдістер, тәуелсіздік, өмірмен байланыстыру, орта мектепАңдатпа
Мақалада тәуелсіздік кезеңінде жазылған қазақ прозасын өмірмен байланыстыра оқытудың әдіс-тәсілдері Ш. Мұртазаның «Тәуекел тойы» әңгімесі мысалында талданды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап, қазақ әдебиеті бірқатар шығармалармен толықты. Бүгінгі күні мектеп бағдарламасында тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің авторлары кеңінен оқытылып жүр. Бұл тұрғыда мектеп жасындағы оқушылардың көркем прозаға қызығушылығын ояту, мәтінді ұғыну және талдай алу мәдениетін қалыптастыру маңызды іс-әрекеттердің бірі. Зерттеу жұмысында тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасын оқыту арқылы оқушыларды өздігінше шешім қабылдауға және өмірге бейімдеуге бағытталған оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды. Көркем прозаны тиімді талдай алу – оқушылардың ой-пайымын қалыптастырып, оқушылардың прозалық шығармаларды оқуға қызығушылығын арттырады. Зерттеу жұмысында шығарма мазмұнын оқушының жеке көзқарасына сүйене отырып талдау, оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқушылардың өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Мақалада көркем прозаны тиімді оқыту оқушылардың тек тілдік құзіреттілігін ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарын, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ететіндігі дәлелденді. Зерттеу жұмысында отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері сараланды. Зерттеу нәтижелері тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасын оқытуды жетілдіруге, оқушылардың әдеби шығарманы терең түсініп, өмірмен байланыстыра алуына бағытталды және ғылыми тәжірибелер арқылы дәлелденді.