Ұлттық топтар студенттерінде биофизикалық процестер туралы қате түсініктерді диагностикалау және түзету әдістемесін әзірлеу және сынақтан өткізу

Авторлар

  • Оразкул Турсыматова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Автор
  • Айтмағанбет Үргенішбеков Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Автор
  • Гульмира Маханова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Автор
  • Айжахан Аймырзаева Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/ksb72t19

Кілт сөздер:

биофизика, биофизикалық процестер, осмос, диффузия, мембраналық потенциал, концептуалдық қателер, білімді диагностикалау, түсініктерді түзету, студент-биологтар, ұлттық топтар

Аңдатпа

Мақалада ұлттық (қазақтілді) топтарда оқитын биология мамандықтары студенттерінің негізгі биофизикалық процестер туралы қате түсініктерін диагностикалау және түзету мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі осмос, диффузия және мембраналық потенциал ұғымдарының көбіне термин мен формула деңгейінде меңгеріліп, тұрақты концептуалдық түсінікке айнала бермейтіндігімен байланысты. Жұмыстың ғылыми жаңалығы биофизикалық ұғымдарды қалыптастырудағы когнитивтік және тілдік-білімдік факторларды қатар ескеретін диагностикалық-түзету әдістемесін ұсынуымен айқындалады. Эксперимент М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүргізілді; оған екінші курстың 48 студенті қатысты: бақылау тобында 23, эксперименттік топта 25 студент болды. Диагностикалық құралдар жауапты таңдау тапсырмаларын, ашық түсіндіруді, сызбаларды талдауды және білімді жаңа жағдаятқа көшіруді қажет ететін тапсырмаларды қамтыды. Түзету жұмысы когнитивтік қақтығыс, динамикалық визуалды модельдеу, терминдерді мағыналық талдау және типтік қате пайымдарды бірлесіп талдау негізінде ұйымдастырылды. Қалыптастырушы кезеңнен кейін эксперименттік топта төмен деңгейдегі студенттер үлесі 44,0%-дан 16,0%-ға дейін азайып, жоғары деңгей үлесі 20,0%-дан 44,0%-ға дейін өсті. Топаралық салыстыру статистикалық үрдіс пен орташа практикалық әсерді көрсетті. Нәтижелер әдістеменің перспективалы екенін дәлелдейді, алайда оны кеңірек таңдамада, әртүрлі жоғары оқу орындарында және стандартталған диагностикалық құралдармен міндетті түрде қайта тексеру қажет. Қорытындыда ұсынылған тәсіл биофизиканы оқытуда студенттің жауабын ғана емес, оның ойлау логикасын талдауға мүмкіндік беретіні негізделеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи