ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v55i2.560Кілт сөздер:
тоғызқұмалақ ойыны, тоғызқұмалақ ойыны мен математикалық іс-әрекеттің интеграциясы, кешенді оқыту, тыңдаушылардың интеллектуалды дамуыАңдатпа
Зерттеудің мақсаты - тоғызқұмалақ ойынының математикалық білім беру жүйесіне ену тиімділігін бағалау мәселесін жанжақты зерттеу. Тоғызқұмалақ ойынының жалпы ұлттық мәдениетті қалыптастырудың, мектеп оқушысының жеке, интеллектуалды және әлеуметтік дамуын қалыптастырудың тиімді дидактикалық құралы
ретіндегі рөлі анықталды. Тоғызқұмалақ ойынының көптеген мектеп пәндерімен, атап айтқанда математика, информатика курстарымен, бастауыш және орта мектептердің ықтималдықтар теориясымен байланысын ашты. Тоғызқұмалақ ойыны материалын оқу бағдарламасына енгізу оқушылардың зейінді болуына көмектеседі, алдағы бірнеше жүрісті есептеуді үйренуге, есте сақтау қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді, бұл көбейту кестесін, қосу, көбейту және бөлу амалдарын есте сақтауға көмектеседі.