Қоршаған орта мазмұнын жаратылыстану ғылымдары циклі пәндеріне кіріктіру студенттердің экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.47344/3vhx9f82Кілт сөздер:
экологиялық құзыреттілік, STEAM, жоғары білім, пәнаралық тәсіл, экологиялық білім беруАңдатпа
Мақалада жаратылыстану ғылымдары циклі пәндеріне экологиялық мазмұнды кіріктіру арқылы педагогикалық мамандықтар студенттерінің экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі тұрақты даму және білім беруді цифрландыру жағдайында заманауи экологиялық мәселелерді шешуге қабілетті болашақ мұғалімдерді даярлау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – STEAM-тәсіл және пәнаралық интеграция негізінде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру моделін әзірлеу және оны эксперименттік тұрғыда негіздеу. Зерттеу І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында 127 студенттің қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында педагогикалық эксперимент, тестілеу, сауалнама жүргізу және статистикалық деректерді өңдеу әдістері қолданылды. Эксперимент құрылымы констаттаушы, қалыптастырушы және бақылау кезеңдерін қамтыды. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топ студенттерінің экологиялық құзыреттілік деңгейінің едәуір артқанын көрсетті: жоғары деңгейдегі студенттердің үлесі 18%-дан 42%-ға дейін өсті, ал төмен деңгей 36%-дан 14%-ға дейін төмендеді. Когнитивтік және іс-әрекеттік компоненттер арасында статистикалық тұрғыдан мәнді байланыс анықталды (r = 0,96; p < 0,001). Алынған нәтижелер білім беру үдерісіне экологиялық мазмұн мен STEAM-технологияларды кіріктірудің тиімділігін дәлелдейді және болашақ мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын жаңғыртуда қолдануға мүмкіндік береді.