География сабағында білім алушылардың аналитикалық дағдыларын дамыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47344/09f47a75

Кілт сөздер:

аналитикалық дағды, аналитикалық ойлау, аналитикалық іс-әрекет, ақпаратты талдау, білім беру, танымдық құзыреттілік

Аңдатпа

Қазіргі географиялық білім беру жүйесінде оқушылардың аналитикалық ойлау және аналитикалық дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспай, көбіне фактіні жаттауға бағытталған оқыту басым болып отыр. Мақаладағы зерттеудің мақсаты – география пәні мазмұны арқылы аналитикалық дағдыларды мақсатты түрде қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеу әдіснамасы теориялық талдау, салыстырмалы және жүйелік талдау, статистикалық және педагогикалық бақылау элементтерін қамтиды. Теориялық бөлімде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне салыстырмалы талдау жасалып, аналитикалық дағдылардың құрылымы, мазмұны және білім алушылардың танымдық құзыреттіліктерін дамытудағы рөлі айқындалды. Эксперименттік жұмыс Алматы облысы №28 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларымен жүргізілген педагогикалық тәжірибеде айқындалды. Тәжірибе барысында аналитикалық бағыттағы тапсырмалар арқылы оқушылардың картамен жұмыс жасау, географиялық ақпаратты талдау, деректерді салыстыру және себеп–салдарлық байланыстарды анықтау дағдылары бағаланды. Нәтижелері SPSS арқылы жұптық t-критерий қолданылып, өңделді. Айырмашылық статистикалық тұрғыдан мәнді екені анықталды (t(25) = -4,675, p < 0,001). Зерттеу нәтижелері аналитикалық дағдыларды мақсатты түрде қалыптастырудың география пәні мазмұнымен тығыз байланыста жүзеге асатынын көрсетеді және мұндай тапсырмалар оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мақала материалдары жалпы орта білім беру жүйесінде аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстарды жетілдіруде қолданылуы мүмкін.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи