Scopus деректер базасы негізінде математикалық сауаттылық бойынша зерттеулерге библиометриялық талдау (2005–2025)

Авторлар

  • Акерке Айашова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Нурлыбай Мадияров М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Ахмет Арикан Гази университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/eephjx41

Кілт сөздер:

математикалық сауаттылық, математикалық білім беру, библиометриялық талдау, Scopus, PISA

Аңдатпа

Математикалық сауаттылық қазіргі математикалық білім беру саласындағы ең өзекті зерттеу бағыттарының бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты – 2005–2025 жылдар аралығында Scopus деректер базасында индекстелген математикалық сауаттылыққа қатысты ғылыми жарияланымдардың даму үрдістеріне, құрылымына және тақырыптық ерекшеліктеріне библиометриялық талдау жүргізу. Зерттеу деректері “mathematical” және “literacy” кілт сөздері арқылы іріктеліп, жалпы саны 2276 ғылыми еңбек талданды. Деректер BibTeX форматында экспортталып, RStudio бағдарламасында Bibliometrix және Biblioshiny құралдары арқылы өңделді.Талдау нәтижесінде жарияланымдардың уақыт бойынша динамикасы, жетекші авторлар мен дереккөздер, елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастық құрылымы, дәйексөздік байланыстар, сондай-ақ математикалық сауаттылық саласындағы негізгі тақырыптық бағыттар мен олардың эволюциясы анықталды. Нәтижелер 2015 жылдан кейін математикалық сауаттылыққа қатысты зерттеулер санының айтарлықтай артқанын көрсетті.Тақырыптық талдау бастапқы кезеңде зерттеулердің когнитивтік және әдістемелік мәселелерге бағытталғанын, ал кейінгі жылдары білім беру практикасына, бағалауға, модельдеуге және қолданбалы контекстерге көбірек назар аударылғанын айқындайды. Жалпы алғанда, бұл зерттеу математикалық сауаттылық саласындағы ұзақ мерзімді даму үрдістеріне кешенді шолу жасап, болашақ зерттеулер үшін өзекті бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи