Сабаққа қатысу мен математикадан үлгерім арасындағы байланыс: Қазақстандағы SDU University негізіндегі сандық жағдаяттық зерттеу (case study)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47344/rv43fs08

Кілт сөздер:

сабаққа қатысу, математика, академиялық үлгерім, орташа үлгерім балы (GPA), жоғары білім беру

Аңдатпа

Ғылыми әдебиеттерде сабаққа қатысу мен академиялық үлгерім арасындағы байланысқа қатысты әртүрлі тұжырымдар бар: кейбір зерттеулер оң корреляцияны растаса, басқалары мұндай тәуелділікті жоққа шығарады. Қазақстандық білім беру контекстінде аталған құбылыстың жеткілікті деңгейде зерттелмеуі осы мәселені тереңірек зерделеудің өзектілігін айқындайды. Осыған байланысты, бұл зерттеу жұмысында математикалық төрт пән мысалында студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі арасындағы байланыс қарастырылды. Зерттеуге SDU University-де 4-курс оқитын 60 студент қатысып, деректер екі бөлек анонимді онлайн-сауалнама құралдары арқылы жиналды. Жиналған мәліметтер дескриптивті және инференциалды статистика әдістерімен талданды. Нәтижесінде,  студенттердің сабаққа жүйелі қатысуы академиялық үлгеріммен байланысты деген пікірмен жалпы алғанда келісетінін көрсетті (M = 4.07, SD = 0.93). Сонымен бірге, корреляциялық және регрессиялық талдаулар үш курс бойынша сабаққа қатысу мен академиялық үлгерім арасындағы маңызды оң байланысты анықтады, ал бір курста бұл байланыс өте әлсіз және статистикалық тұрғыдан маңызды емес болып шықты. Дегенмен, барлық курстар бойынша сабаққа қатысу көрсеткіші студенттердің академиялық үлгеріміндегі дисперсияның (ауытқудың) тек аз ғана бөлігін түсіндіреді. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері студенттердің математикадағы жетістікке жетуінде курстастардың қолдауы, оқыту сапасы, өз бетінше дайындалу және оқытушының қолдауы маңызды рөл атқарады деп санайтынын көрсетті. Осылайша, зерттеу студенттердің академиялық жетістіктері сабаққа қатысудан басқа да көптеген факторлармен байланысты деген қорытындыға келеді.

Автор өмірбаяндары

  • Сет Квадво Антви, SDU University

    PhD, жаратылыстану ғылымдары педагогикасы кафедрасының ассистент-профессоры, SDU University, Қазақстан

  • Жадыра Жылгелді, SDU University

    «Математика (педагогика)» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенті, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар мектебі, SDU University, Қазақстан

  • Нұрислам Дүйсенбай, SDU University

    «Математика (педагогика)» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенті, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар мектебі, SDU University, Қазақстан

  • Сұлтан Қолдасбаев, SDU University

    «Математика (педагогика)» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенті, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар мектебі, SDU University, Қазақстан

  • Амина Мырзабас, SDU University

    «Математика (педагогика)» білім беру бағдарламасының бакалавриат студенті, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар мектебі, SDU University, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи