Жоғары оқу орындарында программалау пәндерін оқытуда Vibe coding әсері және тәжірибелік бағалау
DOI:
https://doi.org/10.47344/45ce6c31Кілт сөздер:
vibe coding, программалау, жасанды интеллект, алгоритмдік ойлау, цифрлық орта, интеллект-карта, код логикасы, платформаАңдатпа
Мақала жоғары оқу орындарында программалау пәндерін оқыту процесінде жиі кездесетін vibe coding құбылысының себептерін және оның оқу нәтижелеріне әсерін анықтауға, сондай-ақ оның алдын алуға бағытталған әдістеменің тиімділігін бағалауға арналған. Қазіргі таңда білім алушылар арасында тапсырмаларды жасанды интеллект көмегімен шешу, іздену үрдісінің төмендегендігі ғылымда үлкен мәселеге айналып отыр. Программалау пәндерін оқытуда контекстінде алгоритмдеуге берілген тапсырмаларды, үйренуге бағытталған программа жасақтауды жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен орындау - vibe coding терминімен сипатталады. Осыған орай, vibe coding құралдарының білім алушылар арасында қаншалықты белсенді таралғандығын, қолдану деңгейін, олардың алдын алу мәселелерін анықтау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің информатика білім беру бағдарламасы білім алушылардың қатысуымен сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде білім алушылардың 96%-ы ЖИ құралдарын үнемі пайдаланатындығын жеткізді. Зерттеу барысында білім алушылардың академиялық әділдік талаптарын ескермей, ЖИ дайындаған жауаптарды пайдалануының басты факторлары анықталды. Сонымен қатар, алгоритмдік ойлауды дамытуға, шешімнің авторлығын анықтауға және тапсырмаларды кезең-кезеңімен түсіндіруге бағытталған әдістемелік құрал әзірленді. Жасақталған әдістемелік құралдың тиімділігі пилоттық эксперимент көмегімен сынақтан өткізілді. Экспериментке жалпы саны 47 білім алушы қатысты: оның ішінде 23 эксперименттік, 24 білім алушы бақылау тобына бөлінді. Эксперимент нәтижесінде екі топ арасында статистикалық айырмашылық бар екені анықталды. Cohen’s d статистикалық әсер өлшемі - 0.671 құрап, орташа–жоғары әсер көлемі, яғни қолданылған эксперименттік әдістеменің ықпалы сенімді екендігі дәлелденді.