Жасанды интеллект құралдары арқылы медициналық физика элементтерін мектеп бағдарламасына кіріктірудің тиімділігін эксперименттік бағалау

Авторлар

  • А. Камбарбекова Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақсан педагогикалық университеті Автор
  • Б. Уалиханова Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор
  • М. Сары Гази Университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/mztreg52

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, мектеп физикасы, медициналық физика, МРТ, КТ, томография, пәнаралық интеграция, электив курс, квази-эксперимент

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану арқылы медициналық физика элементтерін мектеп физикасына кіріктірудің тиімділігі эксперименттік тұрғыда бағаланды. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруде физиканың рөлін күшейту қажеттілігімен және медициналық құрылғылар мен диагностикалық әдістердің физикалық негіздерін пән мазмұнына жүйелі енгізудің жеткіліксіздігімен анықталады. Зерттеу квази-эксперименттік дизайнда жүргізілді: бақылау тобы (ЖИ қолданусыз, n=51) және эксперимент тобы (ЖИ қолданумен, n=52). Оқыту интервенциясы «Электромагниттік өріс және медициналық физика элементтері» атты 4 тақырыптан тұратын модуль арқылы іске асырылды: (I) электромагниттік өріс қасиеттері, (II) магнит өрісі және МРТ-ның физикалық негіздері, (III) электромагниттік сәуле және рентген/КТ-ның физикалық негіздері, (IV) томография қағидалары және иондаушы/иондамайтын әдістер. Нәтижелер Лайкерт шкаласындағы (1–5) 12 тұжырымнан тұратын сауалнама бойынша бағаланды. Негізгі нәтиже бойынша жалпы индекс эксперимент тобында 4.26±0.23, бақылау тобында 2.54±0.16 болып, топаралық айырма статистикалық мәнді екені анықталды (p<0.001). Бөлімдер бойынша да тұрақты артықшылық байқалды (барлығында p<0.001), ең жоғары айырма IV бөлімде тіркелді. 10 және 11 сынып бойынша ішкі талдауда да эксперимент тобының басымдығы сақталды. Практикалық мағынада «сенімді түсіну» деңгейін көрсететін жоғары көрсеткіш (4–5 балл) эксперимент тобында басым болып, ЖИ-дың медициналық физика элементтерінкөрнекілендіру, жекелендіріп түсіндіру, модельдеу және жедел кері байланыс беру мүмкіндіктері күрделі ұғымдарды меңгеруді күшейтетіні дәлелденді. Зерттеу нәтижелері негізінде мектеп тәжірибесіне енгізуге дайын модульдік модель және әдістемелік құрал (сабақ жоспары, тапсырмалар, ЖИ қолдану ережелері) ұсынуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи