“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРС” ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • M.M. Meirkhankyzy Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v59i2.846

Кілт сөздер:

қабілет , тәрбие , дискурс , мұғалім , оқушы , риторика , құзіреттілік , педагогикалық дискурс

Аңдатпа

Педагогикалық дискурс - бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінің нақты жүйесі, онда жеке тұлға мен қоғамның толыққанды мүшесі қалыптасады. Мұғалім белгілі бір "бағыттаушы" рөлін атқарады, ол дұрыс көзқарастар мен мінез-құлықты насихаттап, білім алушыларды бағыттап, түзете алады, әлем құрылымының нормалары мен ережелерін түсіндіруге қабілетті. Ал осы үдерістің барлығы тілде қалай жүзеге асатынын осы педагогикалық дискурс аясында көре аламыз. Педагогикалық дискурс арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынасты оңтайлы ұйымдастыруы үшін мұғалімге қажет негізгі дискурсивті дағдыларды қалыптасады. Сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес педагогикалық дискурстың түрлерін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру қабілетіне тікелей байланысты екенін назарға ала отырып, ЖОО-дағы студенттердің білім беру бағдарламаларына педагогикалық дискурс пәнін енгізу қолға алынды

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-06

Журналдың саны

Бөлім

Статьи