Халықаралық олимпиадалар контекстінде CLIL арқылы Қазақстандағы ғылыми капиталды дамыту
DOI:
https://doi.org/10.47344/m7mrmn54Кілт сөздер:
ғылыми капитал, CLIL технологиясы, жаратылыстану олимпиадалары, STEM саласындағы кәсіби қызығушылық, Қазақстандық білім беру жүйесіАңдатпа
Қазақстанда ғылыми капиталды дамыту басым бағыттардың біріне айналуда. Ел білім беру жүйесіне халықаралық озық тәжірибелерді енгізуге ұмтылуда, алайда зерттеулер мен дайындықтың жеткіліксіздігі олардың тиімді жүзеге асырылуына әсер етеді. Осындай заманауи әдістердің бірі жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту. Бұл әдіс Content and Language Integrated Learning (CLIL) тәсілі деп аталады. CLIL көптілді білім беру контекстінде тіл мен мазмұнды біріктіріп, терең түсінуді қамтамасыз ететін трансформациялық стратегия ретінде қарастырылады. Бұл зерттеу Ғылыми Капитал тұжырымдамасын қолдана отырып, CLIL оқыту әдісі арқылы оқушылардың ғылыми капиталдарын қалай қалыптастыратынын зерттейді. Сұхбаттар, бақылаулар, және ресми құжаттар негізгі зерттеу инструменттері болып табылады. Зерттеу нәтижелері басқа да ғылыми еңбектермен сәйкес келетіні анықталды. Дегенмен, бұл зерттеуде жаратылыстану пәндерін оқытудағы тілдердің рөліне қатысты жаңа көзқарас ұсынылады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, жаратылыстану бағытында орыс тілінің орны айрықша болғаны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу жазбалар қатысушылардың практикалық дағдылары мен эксперименттік білімдерінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Оқушылардың жеткіліксіз практикалық және эксперименттік дағдылар жоғары деңгейдегі олимпиадаларда бәсекеге қабілетті болуына және ғылыми капиталдың толық дамуына кедергі келтіреді. Осыған сәйкес, оқушылардың ғылыми капиталын жетілдіру мақсатында жаратылыстану пәндерін оқытудағы тілдердің, практикалық дағдылары мен эксперименттік білімдерін бағыттап жетілдіру маңызды болып табылады.