М.Шоқай хаттарын зерттеушілік әдіс арқылы оқытудың теориялық негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47344/q8rk9v81

Кілт сөздер:

эмигранттық әдебиет, эпистолярлық жанр, қазақ әдебиеті, әдістеме, Мұстафа Шоқай, эпистолярлық мұра

Аңдатпа

Бұл зерттеу мақаласында жоғары оқу орындарындағы әдеби білім беру үдерісінде эпистолярлық жанрды оқытуда эмигрант хаттарының маңызы және оқытудың  ғылыми-әдістемелік қырлары қарастырылады. Зерттеу объектісі ретінде ЖОО-дағы «Шет елдердегі қазақ әдебиеті» пәні аясында эмигрант хаттары оқу материалы ретінде пайдаланылды. Мақалада қазақ әдебиетіндегі эмигранттық эпистолярлық мұраның жанрлық табиғаты мен оқу үдерісіндегі әлеуетін толық ашуға кедергі келтіріп отырған мәселелер айқындалады. 

Зерттеу барысында әдебиеттанулық талдау, салыстырмалы әдіс, жүйелеу және педагогикалық модельдеу тәсілдері қолданылды. Эмигранттық хаттар тарихи құжат қана емес, тұлғалық дүниетаным мен ұлттық идеяны бейнелейтін әдеби мәтін ретінде қарастырылып, олардың оқу үдерісіндегі танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктері негізделеді. Әсіресе Мұстафа Шоқай эпистолярлық мұрасы эмигранттық дискурстың репрезентативті үлгісі ретінде талданады.

Зерттеу нәтижесінде эмигранттық эпистолярлық жанрды оқытудың әдебиеттанулық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдары біртұтас жүйе ретінде айқындалып, ЖОО-ға арналған әдістемелік үлгінің негізгі компоненттері ұсынылады. Ұсынылған тұжырымдар студенттердің тарихи-мәдени санасын қалыптастыруға, мәтінді кешенді талдау дағдыларын дамытуға және әдеби білім мазмұнын жаңғыртуға бағытталған.

Зерттеуде Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің маңызды дереккөзі әрі рухани-әдеби құндылық ретінде кешенді түрде қарастырылып, оның жанрлық табиғаты, стильдік және идеялық-мазмұндық ерекшеліктері жоғары әдеби дискурс деңгейінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді, соның нәтижесінде эмигранттық эпистолярлық жанр аясындағы репрезентативтік сипаты айқындалып, ұлттық дүниетаным мен тарихи сананы қалыптастырудағы танымдық әрі рухани қызметі дәлелденді. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен ғылыми нәтижелерді жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің қазақ әдебиеті курстарында эпистолярлық жанрды оқыту үдерісін жетілдіруде, арнайы курстар мен элективті пәндердің мазмұнын толықтыруда, сондай-ақ қазақ эпистолярлық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеудің өзекті мәселелерін нақтылау мен оның даму бағыттары мен зерттеу перспективаларын айқындауда теориялық-әдіснамалық негіз ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи