Қазақстандағы орта мектептерде саралап оқытуды жүзеге асыру: ағылшын тілі мұғалімдерінің көзқарасы мен тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.47344/rxessn74Кілт сөздер:
сараланған оқыту, инклюзивті білім беру, ағылшын тілі, мұғалімдердің көзқарасы, орта мектепАңдатпа
Бұл мақала Қазақстандағы орта мектептерде саралап оқытуды жүзеге асыру бойынша жан-жақты талданады. Саралап оқыту – білімгерлердің дайындық деңгейі, оқу қарқыны, қызығушылығы мен жеке қасиеттеріне сай оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық тәсіл. Қазіргі кезде «саралап оқыту» ұғымы алдымен жеке тұлғаға бағытталған оқыту тұжырымдамасымен тығыз байланыста дамып отырды. Саралап оқыту білім алушылардың қабілет, қызығушылық және жеке қабілеттеріне сай оқу мазмұнын бейімдеуге ықпал жасайды. Мақалада саралап оқытудың теориялық негіздері мен оны білім беру үдерісіне енгізудің практикалық тетіктері сипатталады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы орта мектептерде жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдерінің инклюзивті сыныптарда саралап оқытуға қатысты көзқарастарын, түсінігін және өзіндік есепке негізделген тәжірибелерін анықтау. Зерттеу сандық сипаттағы сауалнама әдісіне негізделіп, оған 46 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Деректер сипаттамалық статистика арқылы талданды. Нәтижелер мұғалімдердің сараланған оқытудың инклюзивті білім берудегі маңызын жоғары бағалайтынын, алайда оны тәжірибеде жүйелі түрде жүзеге асыруда сенім мен кәсіби дайындықтың жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар сараланған оқытуды қолдануға уақыт тапшылығы, сыныптағы оқушы санының көптігі және әдістемелік материалдардың жетіспеуі негізгі кедергілер ретінде анықталды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің саралап оқытудың инклюзивті білім берудегі педагогикалық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетті. Алайда алынған деректер саралап оқытуды практикада жүйелі түрде жүзеге асыру мұғалімдердің кәсіби дайындығы, әдістемелік қолдаудың жеткіліктілігі және цифрлық құралдарды қолданудағы сенімділік деңгейімен тікелей байланысты екенін айқындады.
Мақала қорытындылары педагогикалық тәжірибеде саралап оқытуды жүйелі түрде пайдаланудың маңыздылығын көрсетеді.