Геометрияны оқытуда GeoGebra бағдарламасын қолданудың тиімділігі

Авторлар

  • Ляззат Жайдақбаева Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор
  • Раушан Шеримова Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0009-0006-4426-3330
  • Юлия Попова Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/5405cr59

Кілт сөздер:

геометрия, планиметрия, интерактивті геометриялық орта, цифрлық технология, оқыту әдістемесі, GeoGebra

Аңдатпа

Цифрландыру үдерісі қазіргі білім беру кеңістігіндегі педагогикалық технологиялар мен дидактикалық құралдарды жаңартуды талап етеді. Мақала планиметрия есептерін шығаруда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін эксперименттік тұрғыда зерттейді. Зерттеудің өзектілігі геометрияны оқыту процесінде классикалық құралдардың жеткіліксіздігіне және цифрлық құралдарды қолданудың тек көрнекілік функциямен шектеліп қалуына орай, бұл технологиялардың әлеуетін толық пайдалану қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты планиметрия есептерін шығару процесінде GeoGebra интерактивті геометриялық орталардың мүмкіндіктерін зерттеу және оның оқушылардың білім сапасына әсерін эксперименттік түрде анықтау. Зерттеу барысында GeoGebra бағдарламасы негізінде интерактивті жұмыс парақтары әзірленді. Зерттеу әдіснамасы теориялық талдау мен бақылау, динамикалық модельдер құруды және педагогикалық экспериментті қамтиды. Алынған нәтижелер сабақ барысында GeoGebra қосымшасын математика пәнінің планиметрия бөлімінде жазық фигуралардың ауданын есептеуде қолдану тиімді екендігін көрсетті. Жүргізілген педагогикалық эксперимент (Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушылары арасында) GeoGebra-ны қолдану арқылы өткізілген сабақтардың дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда білім сапасын арттырудағы тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар сауалнама нәтижесінде  оқушылардың басым бөлігі GeoGebra қосымшасымен жұмыс жасауды оң қабылдағаны анықталды. Яғни, цифрлық технологиялар, атап айтқанда GeoGebra, планиметрияның есептерін шешуде көрнекілікті арттырып қана қоймай, оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық мәдениетін дамытуға, сонымен бірге оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи