Сабақ  үдерісіндегі оқушылардың ақыл-ой әрекетін дамытудың маңызы

Авторлар

  • Шаттыгүл Ерхожина SDU University Автор
  • Аружан Ыдырыс SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/z27m0g54

Кілт сөздер:

ақыл-ой, логикалық ойлау, абстрактілі ойлау, индуктивті, дедуктивті

Аңдатпа

Мақалада сабақ үдерісінде оқушылардың ақыл-ой әрекетін дамытудың маңызы қарастырылған. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы олардың ойлау дағдылары, дербес білім алу қабілеті және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі жан-жақты талқыланды. Оқыту үдерісіндегі оқушының ақыл-ой әрекетін зерттеген ғалымдар еңбектері сараланып, олардың «ақыл-ой» туралы анықтамалары мен тұжырымдары жіктеле қарастырылды.  М.И. Махмутов,   П.Я. Гальперин, Л.В. Занков, Г.И. Щукина және Ж.-Ж. Руссо сынды ғалымдардың теориялық көзқарастары салыстырылып, олардың сабақта қолданылу мүмкіндіктері талданды. Ойлау түрлеріне тоқталып, олардың бір-бірінен айырмашылықтары теориялық тұрғыдан түсіндіріліп, оларды дамытудың жолдары практикалық тапсырмалармен байланысты қарастырылды. Олардың нәтижесі талқыланды. Ақыл-ой әрекетін дамыту сабақ мазмұнын терең меңгеруге, талдау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететіні жаттығу-тапсырмалар арқылы дәлелденді. Сондай-ақ, «графикалық диктант», «Ақпараттық органайзер»,  «Үш пазл – үш сұрақ»,   «Жемісті аршы» әдістері оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ойлау дағдыларын қалыптастыруға және сөздің тура және ауыспалы мағыналарын саналы меңгеруге бағытталған тиімді әдістемелік тәсіл ретінде ұсынылды. Жалпы оқушының ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесі қазақ тілінен   грамматикалық ақпараттарды меңгерту кезінде оқу-танымдық дағдыларды дамытумен қатар    психологиямен байланысты талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи