ГИБРИДТІК ОҚЫТУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ӘДІСТЕРДІ БІРІКТІРУ
DOI:
https://doi.org/10.47344/caa3k742Кілт сөздер:
гибридтік білім беру, аралас оқыту, сандық трендтер, инновациялық оқыту әдісі, ақпараттық технологияАңдатпа
Қазіргі педагогика ғылымында инновациялық білім берудің жаңа ұғымдарының бірі - «Гибридтік оқыту» (hybrid learning). Мақалада заманауи білім беру жағдайында дәстүрлі педагогикалық әдістерді инновациялық онлайн технологиялармен біріктіретін тиімді стратегия ретінде гибридтік оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасалған. Соңғы жылдары Гибридті оқыту мен аралас оқыту (blended learning) заманауи білім беруде кең таралған тәсілге айналуда. Гибридті оқытудың негізгі принциптері, маңызды құрамдас бөліктері және бұл оқытудың икемділігі мен артықшылықтары сөз болады. Бұған қоса, технологиялық қолдау, сапалы интернет-ресурстарды құру және мұғалімдердің біліктілігін арттыру сияқты гибридті оқытудың сәтті жүзеге асырылуын анықтайтын факторлар талқыланады. Мақала гибридтік оқытудың практикалық және теориялық аспектілеріне жан-жақты шолу жасайды, оның икемді және жекелендірілген білім беру жолдарын құру үшін заманауи білім берудегі өзектілігі мен әлеуетін көрсетеді. Аталған әдістемені оқу үдерісіне табысты енгізу бойынша ұсыныстар жасалады.