Қазақстандағы шет тілі ретінде ағылшын тілінің мұғалімдерінің жасанды интеллектпен жасалған сабақ жоспарларын қолдануға деген көзқарасы

Авторлар

  • Алина Фазылова SDU Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/t4mpdm76

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, ағылшын тілі шет тілі ретінде, оқытушылар, сабақ жоспарлары, қарым-қатынас, Қазақстан.

Аңдатпа

Білім берудегі жасанды интеллект пен жалпы жасанды интеллект сферасындағы жемісті жетістіктер осы аталған технологиялардың ағылшын тілі шет тілі ретіндегі сферасында қалай қолданыла алатыны, сонымен қатар ағылшын тілін шет тілі ретінде жүргізетін мұғалімдерінің бұған деген көзқарастары туралы сұрақтар тудырады. Бұл зерттеу ағылшын тілін шет тілі ретінде жүргізетін қазақстандық орта мектеп мұғалімдерінің жасанды интеллекттің көмегімен жасалған сабақ жоспарларына деген көзқарастарын қарастырады. Онлайн сауалнаманың жауаптарын талдай отырып, зерттеу жалпы мұғалімдердің жасанды интеллект арқылы жасалған сабақ жоспарына деген көзқарастарын білдіретін бірнеше тақырыптарды көрсетеді. Зерттеу сапалық зерттеу дизайнына негізделіп, 27 қатысушыны қамтыды. Мұғалімдердің көзқарастары ашық сұрақтардан тұратын сауалнама арқылы жиналып, тақырыптық талдау әдісімен өңделді. Алынған нәтижелер егерде мұғалімдер жасанды интеллект жасаған сабақ жоспарларын өзгертіп, бейімдесе студенттердің үлгеріміне оң әсер етуі мүмкін екендігін анықтайды. Алайда, автоматтандыру мен жоспарлардағы жекешелендірудің жетіспеушілігі алаңдаушылық тудыратыны анықталды. Жасанды интеллект арқылы жасалған сабақ жоспарларының басты басымдылығына олардың тиімділігі, идеяларының даралығы және жаңашылдығы, ал басты кемшіліктеріне күтпеген жағдайларға бейімделе алмаушылығы және нақтыланған студент қажеттіліктерінің жеткіліксіздігі жатады. Зерттеу жасанды интеллект ұсынған сабақ жоспарлары мұғалімдерге көптеген артықшылықтар береді және оқытушылардың көмегімен өзгертіліп, бейімделген жоспарлар оқушылардың үлгерімін жақсарта алады деген қорытындыға келді. Нәтижелерге сәйкес, ағылшын тілін шет тілі ретінде жүргізетін мұғалімдер жасанды интеллекттің көмегімен жасалған сабақ жоспарлары мұғалімдер үшін бірқатар артықшылықтар беретінін және оларды бейімдеу арқылы студенттердің оқу жетістіктерін арттыруға болатынын мойындайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30