ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v67i2.1266Кілт сөздер:
тыңдалым, әрекет, қазақ тілі, тыңдау, есту, оқыту, деңгей, оқушыАңдатпа
Тыңдалым әрекеті қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемесіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі, өйткені тыңдаусыз сөйлеу коммуникациясы жүзеге аспайды. Қазіргі таңда қазақ тілі сабақтарында тыңдалым әрекеті қаншалықты меңгеріліп жатыр деген сұрақ туындайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, білім стандартында
сөйлесім әрекеттеріне орын берілсе де, тыңдалым әрекеті назардан тыс қалып, толық жүзеге аспайды. Мақалада тыңдалым әрекетін оқытудың
тиімділігі туралы жасалған зерттеу жұмыстары талданады. Оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты тыңдалым әрекетінің маңызы сипатталады. Тыңдалым әрекетінің тыңдалым алды, тыңдалым барысындағы, тыңдалымнан кейінгі деген кезеңдерін қамтып, соған сәйкес тапсырмалардың үлгілері ұсынылады. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында мектеп оқушыларына жасалған эксперимент нәтижесіне талдау жасалып, тиімділігі дәлелденеді.