«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОЛЕКСИКАНЫҢТАНЫМДЫҚ СИПАТЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v67i2.1219Кілт сөздер:
жаңартылған білім беру бағдарламасы, құндылықтар, дағды, оқыту әдістері, оқыту мақсаттары, этнолексика, этнолингвистикалық талдау, тілдік ақпарат, мәдени ақпаратАңдатпа
Тіл – этностың рухани және мәдени байлығының негізгі көрсеткіші. Этностың ұлттық болмысы, ұлттық дүниетанымы, ұлттық ойлау жүйесі туралы тілдік деректер оның тіл бірлігінде сақталып, сол арқылы болашақ ұрпаққа жеткізіліп отырады. Кез келген халықтың тіл көрінісі оның тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, әдетғұрпына, дүниетанымына, жалпы тұрмыс-тіршілігіне байланысты және сол тіл әлемінен мол деректер береді. Этнолексикалық бірліктердің астарындағы мәдени ақпаратты ашу арқылы сол халықтың дүниетанымын, мәдениетін тануға болады. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінен мол ақпарат беретін тілдік деректердің бірі – халық ауыз әдебиеті, атап айтқанда, жыраулар поэзиясы, шешендік сөздер, лироэпостық жырлар, т.б. Мақалада мектеп оқушыларына «Қыз Жібек» жырындағы этнолексиканың танымдық сипатын оқыту жолдары қарастырылады. Oсыған сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде тапсырмалар кешені мен жаттығу үлгілері көрсетіледі. Атап айтқанда, жырдағы ұлттық мәдениетімізден хабардар ететін этнотанымдық бірліктерге этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасалып, оқыту барысында түрлі тапсырмалар негізінде оқушылардың этнотанымдық белсенділігін арттыру мен этнотанымдық құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстары жасалды.