ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНАРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Авторлар

  • Сымбат Бағдатқызы Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344//sdu20bulletin.v67i2.1214

Кілт сөздер:

құзірет, психологиялық аспект, теория, оқу-танымдық құзіреттілік, таным

Аңдатпа

Бұл мақалада қарастырылатын мәселе оқу-танымдық құзіреттілікті арттырудың психологиялық қырлары. Бүгінгі таңда жалпы білім беру саласындағы басты мәселелердің бірі – оқушылардың оқутанымдық құзыреттіліктерінің төмендеуі. Білімгерлердің оқу сапасының төмендеуіне тікелей әсер етуші фактор технологиялардың қарқынды дамуы салдарынан саналады. Оқушылардың сауатты жазу қабілеті, ойын жинақтап дәлелді де анық сөйлеуі, алынған білімді тек репродуктивті түрде қайталап айтып, аздаған уақытта естен шығаруы бүгінгі заман дертіне айналды. Сондықтан осы ізденіс арқылы «оқу-таным» деген ұғымды түсіндіре келе, оның оқушылар санасында қалыптастырылуы мен
педагогикалық үдерісте дамытылу мәселесі талқыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи