СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛУЫНЫҢТАРИХИ ПРОЦЕСІ (VI-XIII ғ.).

Авторлар

  • Айдос Шалбаев Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v63i2.1059

Кілт сөздер:

Сирдер, түріктер, соғдиялықтар, сартлар, этникалық элемент, ходжалар

Аңдатпа

Орта Азияда орналастқан түркі тілдес республикалардың орта ғасырлық тарихы, жалпы түркі тарихы тұрғысынан бір тұтас зерттепзерделеуді қажет етеді. Орта Азия географиялық тұрғыдан бірнеше аймаққа бөлінеді. Бұл аймақтар өзінің этникалық құрамы, экономикалық және өндірістік құрлымы жағынан ерекшеленеді. Осындай аймақтардың бірі Сырдария аймағы немесе Сыр өңірі. Сыр өңірі сонау ежелгі дәуірлерден бастап адамзат баласының мекеніне айналған. Мұның басты
себебі, өмірдің қайнар көзіне айналған Сейхун мен Жейхун дарияларының осы өңірде орналасуында. Сондықтан көрнекті тарихшы З.У. Тоған Сыр өңірін тек отырықшы «қалалық түріктердің» мекені ғана емес, сонымен қатар түрлі этникалық топтар мен мәдениеттердің араласып, өзіндік сырлы сипатқа ие ерекше аймақ екеніне назар аударады. Орта Азияның этникалық қалыптасу үдерісін түсіну үшін, Сыр өңірінің этникалық құрлымының қалыптасу ерекшелігін зерттеудің маңызы зор.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-12

Журналдың саны

Бөлім

Статьи