ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20buIletin.v62i1.990Кілт сөздер:
Үшбұрыш, Менелай теоремасы, Пифагор теоремасы, координаттар әдісі, шығармашылық қабілет, оңтайлы әдісАңдатпа
Қазіргі уақытта біз қоршаған ортада болып жатқан көптеген жаңа құбылыстарды байқаймыз. Бұл құбылыстар кез-келген адамнан жаңа қасиеттердің болуын талап етеді. Ең алдымен қоғамға стандарттан тыс ойлайтын, өз ойы негізінде шешім шығаратын және жаңа бастамаларды ұсынатын тұлғалар қажет. Осындай қасиеттерді математика сабағында немесе сабақтан тыс уақытта есептерді шығару арқылы қалыптастыруға болады. Геометрия оқулығында геометриялық есептерді шешу көбінесе стандартты алгоритмге негізделеді. Бұл алгоритм оқушылар үшін күрделі болуы мүмкін. Сондықтан геометриялық есептерді шешудің басқа әр түрлі әдіс-тәсілдерін іздеп оңтайлы әдісті табу керек. Бұл мақалада геометриялық бір есепті шешудің бірнеше әдістерін қөрсетіп оңтайлы әдісті табамыз. Геометриялық есепті әр түрлі әдіспен шешу оқушылардың
математикалық білімін тереңдетеді және шығармашылық қабілетін
дамытады