ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕОРФОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v63i2.922Кілт сөздер:
жазу сауаттылығы, орфографиялық дағды, грамматикалық білім, орфоэпиялық норма, орфографиялық нормаАңдатпа
Жазуды меңгеруде үйретілетін лингвистикалық дағдының бірі – орфографиялық дағды. Орфографиялық дағды – өте күрделі үдеріс.
Бұл дағды – сөздің дыбыстық құрамына, грамматикалық білімге сүйене отырып, орфограмманы тану және оған лайық ережелерді қолдана білу дағдыларын қарастырады. Орфографиялық дағдыны меңгеру арқылы
оқушылардың тек жазу сауаттылығын ғана емес, грамматикалық білімдерін арттыруға болады. Мақалада жазуда орфографиялық дағдыны
қалыптастыру және оны дамытуға байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне жалпы шолу жасалады. Білім беру үдерісінде орфографиялық дағдының алатын орны мен маңыздылығы туралы сөз қозғай отырып, орфографиялық дағдыны дамытуға арналған дәстүрлі жүйеге негізделген, әрі цифрлық оқыту бағдарламалары арқылы түзілген тапсырмалар жиынтығы ұсынылған. Мақала қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қолданысына жарайтын әдістемелік көмекші құрал бола алады