ТӨРТІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v62i1.889Кілт сөздер:
Теңдеу, теңдеудің түрі, теңдеудің шешімі, сызықтық теңдеулер, квадраттық теңдеулер, көрсеткіштік теңдеулер, логарифимдік теңдеулер, тригонометриялық теңдеулер, рационалдық теңдеулер, иррационалдық теңдеулер, үшінші дәрежелі теңдеулер, төртінші дәрежелі теңдеулер, Кордана формуласы, комплекс сан, комплекс түбірлер.Аңдатпа
Мақала, элементар математика пәндерінің «жаңартылған бағдарламаға» көшуіне байланысты туындаған төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу мәселесіне арналған. Элементар математика бұл бағдарламаға көшкенге дейін де төртінші дәрежелі теңдеулер белгілі деңгейде қарастырылған. Алайда мектеп математикасының жаңа мазмұнға көшуі бұл жағдайға жаңа серпін береді деп ойлаймыз. Сол себепті, мақалада төртінші дәрежелі теңдеулерді шешудің жаңа тәсілі «Феррари әдісі» және оның негізінде шешілетін есеп түрлері қарастырылған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.