ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Құдайберди Бағашаров Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v66i1.1203

Кілт сөздер:

мектеп, оқушылар, маман, келеңсіздіктер, мамандық таңдау

Аңдатпа

Бұл мақалада орта білім беретін мекемелерде оқушыларға кәсіби бағдар жұмысын жүргізу кезінде туындайтын бірқатар өзекті мәселелер сөз етіледі. Қазіргі әлем жылдам өзгеріс  үстінде болғандықтан, еңбек нарығына да өзгерістер ықпал ететіні белгілі. Бұл жеке тұлғаға қойылар талаптардың құбылмалығын аңғартады. Идеал жағдайда жасөспірім бұған сергек қарап, еңбек нарығындағы жағдайға тез бейімделе білуі тиіс. Бұл кәсіби бағдарлаушы мамандардың әр түрлі мамандықтар бойынша дұрыс танымдық бағдар беруі мен оқушының жеке қабілеттерін нақтылап, таңдалған мамандыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтауымен байланысты. Дегенмен осы маңызды жұмысты атқаруда мамандар кездесетін өзекті жайттар да баршылық. Озық педагогикалық тәжірибе, ғылыми зерттеулердің нәтижелері кәсіптік бағдар беру іс-әрекетінің табысты болуын осы фактілермен таныс болуымен байланыстырады. Ол кәсіби бағдар беруші педагог маман үшін пайдалы әрі жұмысына дайындығына да оң ықпал етеді. Осы себепті мектеп оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуде кездесетін көлденең мәселелер мақалаға арқау етілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи