CLIL СЫНЫБЫНДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v66i1.1259Кілт сөздер:
жобалық оқыту, CLIL, мұғалімдерАңдатпа
Бұл зерттеу CLIL контекстіндегі биология сабағы барысында жобалық оқытуды қолданудың оқушылардың ағылшын тілі бойынша білім деңгейінің дамуына әсерін зерттеді. Зерттеу нысаны жобалық оқыту болса, зерттеудің мақсаты жобалық оқытуды қолданудың сыныптағы CLIL технологиясының дамуына әсерін зерттеу болды. Бұл сапалық зерттеу биологияны ағылшын тілінде оқытатын үш CLIL сыныбын пайдалана отырып, бір кезеңде Қазақстанның үш мектебінде жүргізілді. Деректер сабақты бақылау мен фокус-топтармен сұхбаттар жүргізу арқылы параллельді түрде жинақталды. Зерттеу нәтижелері жобалық оқыту CLIL технологиясын енгізу кезінде сыныптағы климатты айтарлықтай жақсартқанын және мұғалімдер де, оқушылар да жобалық оқытуды айтарлықтай үлкен көлемдегі уақыт шығыны мен топтық жұмыстағы жеке оқушылардың үлгерімін объективті бағалаудың қиындығына байланысты кемшіліктеріне қарамастан оң қабылдағанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері мектеп басшылығына жобалық оқыту аясында CLIL тәжірибесінің сапасын жақсартуға көмектеседі.