Фоторезистордың жарық қарқындылығына тәуелділігін зерттеу негізінде STEM-бағытталған оқыту моделін әзірлеу
DOI:
https://doi.org/10.47344/rx4xx408Кілт сөздер:
фоторезистор, фотоөткізгіштік, жарық қарқындылығы, сенсорлық технология, STEM білім беруАңдатпа
Сенсорлық технологияларды STEM білім беру үдерісінде енгізу фотоөткізгіштік құбылысын зерттеуге арналған қарапайым әрі қолжетімді тәжірибелік модельдерді қажет етеді. Фотоөткізгіштік- фоторезисторлардың жұмыс істеуінің негізгі принципі болып табылады. Зерттеудің мақсаты- фоторезистордың электрлік кедергісінің жарық қарқындылығына тәуелділігін зерттеу және осы нәтижелер негізінде STEM- бағдарланған оқыту моделін әзірлеу. Жұмыста жарыққа тәуелді резистор (LDR), реле модулі және жарықдиодты шамды қамтитын автоматты жарықтандыру жүйесінің тәжірибелік моделі құрастырылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жарық қарқындылығы артқан сайын фоторезистордың кедергісі азаяды, ал ток күші артып, реле іске қосылады. Бұл нәтижелер фотоөткізгіштік теориясымен сәйкес келеді. Тәжірибелік нәтижелер негізінде физикалық ұғымдарды, қарапайым инженерлік жобалауды және деректерді талдауды біріктіретін STEM оқыту моделі ұсынылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы- тәжірибелік зерттеуді STEM оқыту әдістерімен ұштастыруында. Ұсынылыған модель оқушылардың зерттеушілік және инженерлік дағдыларындамытуға арналған қолжетімді құрал ретінде қолданылуы мүмкін.