ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БІРІН-БІРІ БАҒАЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Авторлар

  • Амина Айсарова SDU University Автор
  • Aйжан Амангазина University of Aberdeen Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/6nnx1w86

Кілт сөздер:

бiрiн-бiрi бағалау, жоғары білім, бірлесіп оқыту, артықшылықтар, кемшіліктер.

Аңдатпа

Бiрiн-бiрi бағалау белсенді және рефлексивті оқытуға ықпал ететін бірлескен бағалау әдісі ретінде сипатталады. Ол әсіресе жоғары білім беру тұрғысынан пайдалы, өйткені университет студенттері анағұрлым автономды және студенттерге бағдарланған іс- әрекетке қатысуы қажет. Осы себепті жоғары оқу орындарының оқытушылары бағалаудың басқа альтернативті нысандарын қарастыруы тиіс. Алайда оқытушылар бiрiн-бiрi бағалауды жиі елемейді, ал студенттер бiрiн-бiрi бағалау практикасын пайдалануға дайын емес. Осы әдебиетке шолудың мақсаты жоғары білім берудегі бiрiн-бiрi бағалауға арналған алдыңғы зерттеулерді талдау болып табылады. Атап айтқанда, бiрiн-бiрi бағалауды пайдаланудың себептері, оның нысандары, сондай-ақ жоғары білім беруде қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталатын болады. Осылайша, алынған нәтижелер оқытушылар мен студенттердің аталмыш бағалау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін түрлі дерекқорлардан 30 мақалаға шолу ұсынылған, атап айтқанда: Google Scholar, Eric және JSTOR 2015-2024 жылдар аралығында.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи