Рецензиялау
«SDU University хабаршысы: педагогика және оқыту әдістемесі» журналында рецензиялау екі жақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) әдісімен жүзеге асырылады. Бұл әдіс бойынша рецензенттер автордың есімін білмейді, ал автор рецензенттердің есімдерін білмейді. Журнал редакциясында ғылыми мақалалардың қолжазбаларын рецензиялау оның жоғары ғылыми-теориялық деңгейін сақтау мақсатында жүргізіледі. Әрбір қолжазба кем дегенде екі рецензентке — зерттеу саласының тиісті бағыттары бойынша танымал шетелдік және отандық ғалымдардан іріктелген мамандарға жіберіледі. Олар жұмысты әділ және мұқият бағалауға міндетті. Журналда жариялануға ұсынылған қолжазбалардың кемінде 80%-ы түпнұсқалық мәтін болуы тиіс.
Рецензиялау және мақалаларды жариялау тәртібі
Мақалалар редакцияға тек онлайн-жіберу жүйесі арқылы қабылданады.
- Редакцияға түскен ғылыми мақаланың қолжазбасы журналдың тақырыптық бағытына, редакциялық талаптарға және техникалық рәсімдеу ережелеріне сәйкестігіне бастапқы тексеруден өтеді.
- Әрбір ғылыми мақала «Turnitin» жүйесі арқылы мәтіннің көшірілген және ИИ арқылы жасалған контенттің бар-жоғына тексеріледі, содан кейін техникалық редактор ғылыми мақаланы әрі қарай рецензиялау үшін бас редакторға жібереді.
- Бас редактор жасырын рецензиялау үшін тиісті сала мамандарын таңдап, оларға қолжазбаны авторларын көрсетпей жібереді.
- Рецензияланатын қолжазбаның бірлескен авторлары немесе ғылыми жетекшілері рецензент бола алмайды.
- Рецензенттерге рецензияға ұсынылған қолжазбалардың авторлық құқыққа жататын және жарияланбайтын ақпарат екенін ескерту жасалады.
- Рецензент қолжазбаға 2-4 апта ішінде бағасын беру тиіс.
- Ғылыми мақаланы сараптау нәтижесінде рецензент: 1)Мақаланы жариялауға ұсынуы мүмкін; 2) Мақаланы қабылдамауды ұсынуы мүмкін.
- Рецензенттің пікірлері мен ұсыныстары (оның жеке деректері көрсетілмей) авторға жіберіледі.
- Егер рецензияда мақалада түзету мен қайта өңдеуді қажет ететін ұсыныстар болса, журнал редакциясы авторға рецензия мәтінін жолдайды. Автордан осы ұсыныстарды жаңа нұсқаны дайындау кезінде ескеру немесе оларды толықтай немесе ішінара жоққа шығару үшін негізделген дәлелдер беру ұсынылады.
- Автордың өңделген қолжазбасы қайта рецензиялауға жіберіледі. Егер мақала авторға қайта өңдеу үшін қайтарылса, оны бір ай ішінде қайта ұсыну қажет.
- Егер автор материалдарды жетілдіруден бас тартса, ол редакцияны жазбаша түрде мақаладан бас тартқаны туралы хабардар етуі қажет. Егер автор бір ай ішінде рецензенттің жауабын алғаннан кейін жетілдірілген мақаланы қайта жібермесе, редакция мақаланы есептен шығарады. Мұндай жағдайда авторға материалдың қайта өңделу мерзімі аяқталғанын және мақаланың есептен шығарылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
- Егер автор мен рецензенттер арасында мақаланың мазмұнына қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар туындаса, мәселені шешуді бас редактор редакциялық алқаның отырысында қабылдайды.
- Мақаланы жариялаудан бас тарту туралы шешім редакциялық алқаның отырысында рецензенттердің ұсыныстары негізінде қабылданады. Редакциялық алқаның шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Бас тарту туралы хабарлама авторға жеке кабинетіне жіберіледі.
- Жақсы рецензияның болуы қолжазбаның жариялануына жеткілікті негіз болмайды. Жариялау туралы соңғы шешім редакциялық алқа тарапынан қабылданады. Келімпеушілік туындаған жағдайда соңғы шешімді бас редактор қабылдайды.
- Редакциялық алқа өз шешімдері бойынша авторлармен пікірталасқа түспейді.
- Рецензиялар журнал редакциясында үш жыл бойы сақталады.
Қолжазбаларды рецензиялау критерийлері
Рецензенттер қолжазбаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- Маңыздылығы: Рецензияланатын мақала педагогика және оқыту әдістемесі саласында жеткілікті жаңашылдыққа ие ме?
- Әдебиетке шолу: Қолжазбада тиісті әдебиет бойынша жақсы құрылымдалған аналитикалық шолу бар ма? Онда теориялық/концептуалдық негіз жүйелі түрде және мұқият өңделген бе?
- Зерттеу дизайны: Қолжазбаның дизайны мен әдістемелік негізі журналдың талаптарына сәйкес келе ме? Қолжазбада ұсынылған деректер мен олардың талдауының сапасы қандай?
- Талқылау: Талқылау мен қорытынды бөлімдері зерттеу, саясат және практика үшін нәтижелердің маңыздылығын айқындай ма?
- Стиль: Қолжазба анық, бірізді және қысқа ма? Қолжазба APA 7/ГОСТ 7.1-2003 стильдерінің талаптарына сәйкес келе ме?
Шешім
Рецензенттердің пікірлеріне негізделе отырып, редакция төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды. Рецензенттер мақаланы жариялау туралы келесі ұсыныстарды бере алады:
- Жұмысты қабылдамау: қолжазба журналда жариялауға жарамсыз деп танылды.
- Қолжазбаны қайта рецензиялауға жіберу (маңызды өзгерістермен): қолжазба көптеген өзгерістер енгізілгеннен кейін жариялануы мүмкін.
- Өзгерістер қажет (аздаған өзгерістер): аздаған өзгерістер енгізілгеннен кейін қолжазба жариялануы мүмкін.
- Жұмысты қабылдау: қолжазба қосымша түзетулерсіз келесі редакциялық процесс кезеңіне өтуі мүмкін.
Айта кету керек, алғашқы рецензиядан өтетін қолжазбалар үшін ең жиі ұсынылатын шешімдер «Жұмысты қабылдамау» және «Қолжазбаны қайта рецензиялауға жіберу» (маңызды өзгерістермен) болып табылады. Алғашқы шешім жаңа қолжазба ұсынылған күннен бастап 2-4 апта ішінде қабылданады, алайда рецензиялау процесінің ұзақтығы жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.