Авторларға арналған ақпарат
Редакциялық алқа авторларға мақалаларды дайындау кезінде келесі ережелерді сақтауды сұрайды:
- Бір автордан бір нөмірге бір ғана қолжазба қабылданады;
- Автор бір жыл ішінде екіден артық жұмыс жариялай алмайды;
- Бір мақаланың авторлар саны алты адамнан аспауы керек;
- Жіберілген мақалалар түпнұсқа зерттеулер болуы тиіс, бұрын жарияланбаған және басқа ғылыми журналда жариялауға қаралу үстінде болмауы қажет;
- Талаптарға сай рәсімделмеген мақалалар жариялауға қабылданбайды және авторларға қайтарылады.
Журналдың редакциясына жіберілетін ғылыми мақалалар келесі талаптарға сай рәсімделуі тиіс:
ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» талаптарына;
ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» талаптарына, әсіресе мақаланың соңындағы библиографиялық тізімдерді рәсімдеуге қатысты.
Сонымен қатар, университет саясатына сәйкес, редакциялық алқа APA 7 (American Psychological Association Style) талаптарына сай рәсімделген қолжазбаларды, соның ішінде библиографиялық тізімдер рәсімделуін де қабылдайды.
Қолжазбаны дайындауға арналған талаптар
Авторлар қолжазбаларын журналға жібермес бұрын журналдың «Мақсаты мен ғылыми бағыттары» бөлімін мұқият оқып шыққаны дұрыс және өз саласына жаңалық әкелетін әрі елеулі үлес қосатын қолжазбаларды ұсынғандары абзал. Әсіресе, педагогика мен оқыту әдістеріндегі жаңа жетістіктерді, жеткілікті деңгейде зерттелмеген мәселелер мен олардың аз қарастырылған қырларын қамтитын жұмыстарға басымдық беріледі.
Мақаланы ұсынбас бұрын авторлар оның төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетінін растауы қажет. Талаптарға сай келмейтін қолжазбалар авторларға қайтарылады. Ұсынылатын мақаланың көлемі: 5000-8000 сөз (10-15 бет), ал әдебиетке шолу мақалалары үшін — 3000-5000 сөз (5-10 бет). Мақаланың көлемі аңдатпаны, кестелерді және библиографиялық сілтемелерді қамтиды, бірақ қосымшаларды есепке алмайды.
Мақаланың құрылымы төмендегідей болуы тиіс (мақала үлгісі – Қосымша 2):
МРҒТА (МРНТИ орысшасы) рубрикаторы
Авторлар туралы мәліметтер: аты-жөні, қызмет орны (аффилиациясы); байланыс авторының электрондық поштасы.
Мақала тақырыбы
Аңдатпа -мақаланың негізгі мазмұнын қысқаша сипаттау (150–250 сөз).
Түйін сөздер: 5–10 негізгі сөз немесе тіркес.
Кіріспе: зерттеудің өзектілігін негіздеу; зерттеу проблемасын анықтау; зерттеу объектісі мен пәнін көрсету; зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау; мақала құрылымын қысқаша сипаттау; зерттеу тақырыбына қатысты негізгі әдебиеттер мен теориялардың шолуы.
Әдістемелер мен материалдар: зерттеу барысында қолданылған әдістер мен тәсілдерді сипаттау; мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау құралдарын көрсету; ақпаратты талдау үшін қолданылған техникалық құралдар мен әдістер; этика мәселелері: зерттеу этикалық стандарттарға сәйкестігін негіздеу.
Нәтижелер және олардың талқылануы: алынған нәтижелерді жан-жақты сипаттау; нәтижелерді визуалды түрде ұсыну (кестелер, графиктер, диаграммалар, суреттер).
Қорытынды: зерттеу нәтижелерінен туындаған негізгі тұжырымдар; алынған нәтижелерді бұрынғы зерттеулермен салыстыру; зерттеудің ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығын бағалау; шектеулерді көрсету және алдағы зерттеулерге ұсыныстар беру.
Алғыс білдіру (бар болған жағдайда): қаржылық қолдау туралы ақпарат (гранттар, бағдарламалар); зерттеуге көмек көрсеткен әріптестерге немесе мекемелерге алғыс.
Әдебиеттер тізімі: барлық пайдаланылған дереккөздер ГОСТ 7.1-2003 стандартына немесе APA 7 стиліне сай рәсімделуі тиіс.
Әрбір дереккөзге тиісті сілтемелер берілуі қажет.
Авторлар туралы мәліметтер, мақаланың атауы, аннотация және түйін сөздер мақала жазылған тілден басқа екі тілде де ұсынылуы қажет.
Қосымшалар мен қысқартулар: Қажет болған жағдайда мәтінге қосылады немесе мақаланың соңында келтіріледі. Кестелер, суреттер және диаграммалар мәтін ішінде сәйкес орындарда көрсетілуі тиіс.
Транслитерация ережелері
Библиографияны латын әліпбиінде рәсімдеу (Әдебиеттер тізімі)
- Әдебиеттер тізімі жеке бөлім ретінде ұсынылуы керек және қазақша/орысша бөлімдердегі библиография қайталанып жазылуы тиіс, оған шетелдік дереккөздер енгізілсе де, енгізілмесе де.
- Егер тізімде шетелдік жарияланымдарға сілтемелер бар болса, олар толықтай "Әдебиеттер тізімі" бөлімінде қайталануы қажет.
- Қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан латынға транслитерациялау үшін https://qazlat.kz сайтындағы Онлайн-конвертер бағдарламасын пайдалануға болады.
- Орыс тіліндегі мәтінді кириллицадан латынға транслитерациялау үшін http://www.translit.ru сайтындағы Онлайн-конвертер бағдарламасын пайдалануға болады.
Қолжазбаның үлгісі
- Негізгі мәтін: Times New Roman қарпі, 12 кегль, жоларалық интервал – 1.
- Тақырыптар: бөлімдердің тақырыптары: Times New Roman қарпі, 14 кегль, қалың қаріппен жазылу керек. Бөлімшелердің тақырыптары Times New Roman қарпі, 12 кегль, қалың қаріппен жазылу керек.
- Кестелер: кестелер рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Кестенің атауы кестенің үстінде көрсетіледі.
- Суреттер мен диаграммалар: Суреттер мен диаграммалар мақала басынан бастап рет-ретімен нөмірленуі керек. Суреттің атауы суреттің астында көрсетілуі тиіс.
- Қолжазба парағының форматы: Қолжазба A4 форматында (210x297 мм) рәсімделуі қажет.
- Бет өрістерінің параметрлері: жоғарғы, төменгі, сол және оң жақ шеттері – 2 см., абзац шегінісі – 0,8 см., мәтін туралануы – ені бойынша (толық туралау).
- Бет нөмірлері: бет нөмірлері төменгі оң жақ бұрышта көрсетілуі тиіс.