THE ROLE OF INTERACTIVE TOOLS IN SOLVING TEXT PROBLEMS AND THE IMPACT ON THINKING

Авторлар

  • А. Kenzhebayeva Автор
  • А. Orynbassar Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v56i3.602

Кілт сөздер:

Интерактивті құрылғы, ойлау, мәтіндік есептер, SMART интерактивті тақта, елестету, қиял, қозғалыс

Аңдатпа

Математика - бұл дерексіз , ойлануды талап ететін ғылым. Сондықтан көптеген балаларға пәнді оқу кезінде түсінумен қиындықтар туындайды. Әсіресе оқушыларға арналған мәтіндік есеп тапсырмалар ойлануды талап ететін мәселелер болып табылады, өйткені олар диаграммалар мен суреттер, бөлшектер, сызбаларды қолдана отырып, тапсырмаларды жақсы оқып, талдауға назар аударуды талап етеді. Сондықтан мұғалімдер күрделі математикалық есептерді диаграммалармен, суреттермен суреттеуге, жеткізуге тырысады. Бұл зерттелетін мәселеге оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Өткен ғасырда мүғалімдер мәтін есепті оқушыға жеткізу үшін, түсіндіру үшін , математика сабақтарында түсіндіруге арналған көрнекі құралдар жасап, қағаз бетіндегі мәтінге арналған суреттер салды. Қарама-қарсы қозғалыстарды көрсету, тапсырманың суреттері, автомобильдер немесе жануарлар әртүрлі жылдамдықпен қозғалуын келтірді. Суреттермен қозғалысты жеткізуге тырысты. Ал қазіргі дамыған ғасырда қозғалысты да интерактивті құралдарды қолдана отырып, осының бәрін көрсетіп, тапсырманың мәнін ашуға болады. Интерактивті құрылғыларды қолдану арқылы кеңістіктік қиялдың, қиялды ойлаудың дамуына ықпал етуге болады.

Жарияланды

2021-09-15

Журналдың саны

Бөлім

Статьи