СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v59i2.847Кілт сөздер:
лингвистика , метафора , диалог , метонимия , синекдохаАңдатпа
Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзегеаспақ. Ұлтымыздың зерделі әлеуетін қалыптастыруды бағытқа алған мектептің негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігі. "Сабақ - толығымен алғанда, оқу-тәрбие процесінің элементі, оның ұйымдастырылған формасы. Екінші жағынан, сабақта іс-әрекеттердің бір түрі болатын оқыту ісі көрініс табады," – дейді И.Лернер пікірі. Ал қазіргі түсінік бойынша, сабақ - тек білім беру процесінің негізгі ұйымдастыру формасы ғана емес, ұжымдағы оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың да негізгі формасы болып табылады. Сабақтың түрі өтетін тақырыпқа, сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, қабілет ерекшелігіне, сабақтың мақсатына қарай белгіленеді. Егер сабақ бірсарында өтетін болса, оқушының оқуға деген қөзқарасы өзгереді. Ойлау белсенділігі төмендейді, ынтасы, пәнге деген қызығушылық тежеледі.