Жоғары білім берудегі ЖИ құралдарының тұжырымдамалық негізі когнитивтік құрал ретінде қарастыру
DOI:
https://doi.org/10.47344/fm5jga78Кілт сөздер:
Білім берудегі жасанды интеллект, жасанды интеллектпен басқарылатын құралдар, когнитивті құрал, педагогикалық қолдау, сыни ойлау, когнитивті құралАңдатпа
Жоғары білім беру саласында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды енгізілуі ғылыми қызығушылықтың артуына алып келді. Сонымен қатар, бұл оқытушылар арасында алаңдаушылық туғызды. Қолданыстағы зерттеулер негізінен технологиялық тиімділікке немесе академиялық адалдыққа төнетін қауіптерге назар аударса, ЖИ-ді студенттердің когнитивтік белсенділігін төмендетпей, оқытуды қолдау үшін педагогикалық тұрғыда қалай тиімді біріктіруге болатынын қарастыратын зерттеулер аз. Бұл зерттеуде ЖИ-ге негізделген оқыту, білім беру технологиялары және жоғары білім салаларындағы рецензияланған ғылыми еңбектер аналитикалық және теориялық тәсіл арқылы жүйеленді. Жұмыста ЖИ-ді адам ойлауын алмастыратын құрал емес, когнитивтік құрал ретінде қарастыратын педагогикалық модель ұсынылады. Ұсынылған модель ЖИ-ді педагогикада өзара байланысты үш негізгі функция арқылы әрекет ететін когнитивтік құрал ретінде сипаттайды: скэффолдинг, когнитивтік қолдау және рефлексия. Бұл функциялар конструктивистік және әлеуметтік-мәдени оқыту теорияларына негізделген логикалық құрылымға біріктірілген. Жоғары білім беруде ЖИ-ді этикалық тұрғыда енгізуге арналған логикалық және практикалық тұрғыдан тиімді модель ұсына отырып, зерттеу ЖИ-ге негізделген оқыту тәжірибесін дамытуға үлес қосады.