ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v58i1.636Кілт сөздер:
қазақ әдебиеті , балалар әдебиеті , ХХІ ғасыр әдебиеті , балалар , жасөспірімдер , ертегіАңдатпа
Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихи- әлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен соңғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, соңғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгершілікэстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра, өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.