ЖИ чат - боттардың шетел тілін оқытуда қолданылуы: әдебиетке кешенді шолу

Авторлар

  • Бағдаулет Абыханов SDU University Автор
  • Mehmet Ali Yaylaci Galaxy мектебі Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/pemcsm49

Кілт сөздер:

Жасанды интеллект (ЖИ), ЖИ чат - боттары, Шет тілі ретіндегі ағылшын тілі, Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытатын мұғалімдер

Аңдатпа

Жасанды Интеллект (ЖИ) әлемдегі заманауи технологиялардың біріне айналып, сан түрлі салаларда қолданысқа енгізіліп жатыр. Сол салалардың қатарында шетел тілін оқыту саласы да бар. Шетел тілін оқытуда ЖИ чат боттар тіл үйрену құралы ретінде қолданылуда. ЖИ чат - боттары - мәтін немесе аудио арқылы өзара әрекеттесу үшін қолданылатын бағдарламалық құрал немесе веб - сайт. ЖИ технологиясы қанша қарқынды дамып келе жатқанымен, оның тәжірибеде қолданылуы жайында зерттеу жұмыстары жеткіліксіз. Сондықтан, осы әдебиетке шолу ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пікірлеріне негізделе отырып, ЖИ чат боттарды шетел тілін оқытуда қолдану жайында жазылған зерттеу жұмыстарын саралауға бағытталған. Осы бағыт бойынша әдебиетке шолу жасау үшін 20 мақала таңдалды. Бұл мақалалар Google Scholar және ERIC атты дерекқорлардан, сонымен қатар Sci-Space атты зерттеу платформасынан іріктеліп алынды. Мақалалар 2022 - 2025 жылдар аралығында аталған дерекқорлар мен зерттеу платформасында жарияланған. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи