ОҚУШЫЛАРҒА СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v58i1.1159Кілт сөздер:
GeoGebra , мектеп математикасы, шығармашылық орта , дидактикалық , эксперимент , технологияАңдатпа
Бұл мақалада математиканы электронды оқытудың болашақ дамуы үшін ерекше маңызы бар дамыған технологиялар мен GeoGebra қосымшасы арқылы оқытудың тиімділіктері көрсетілген. GeoGebra - бұл геометрия, алгебра, статистика және математикалық талдау бойынша интерактивті қосымша, математика мен жаратылыстану пәндерін бастауыш сыныптан университет деңгейіне дейін оқытып, үйретуге мүмкіндік беретін арнайы программалық орта. Оны белсенді және проблемалы-бағытталған оқыту үшін сыныпта да, үйде де математикалық тәжірибелер мен жаңашылдықтарға қолдануға болады. Бұл жұмыста біз математикалық есептерді құру, шешу және суреттеу, сызбалар мен графиктер сызу үшін жоғарыда аталған бағдарламалық жасақтаманы қолданудың эскизін көрсетеміз. Сонымен бірге екі айнымалы бар сызықтық теңдеулер жүйесін GeoGebra қосымшасында пайдаланып, шешу алгоритмі сипатталады.