ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫСҚА ҚАЗАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨЗҚРАСТАРЫ

Авторлар

  • Мадина Казыбай Abai RMMI Автор
  • Aкмаржан Ногайбаева SDU University Автор
  • Didik Harivanto Universitas Negeri Yogyakarta Автор
  • Gulzhaina Kassymova Abai Kazakh National Pedagogical University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/3mcrf896

Кілт сөздер:

мұғалімнің кері байланысы, мұғалімдердің көзқарастары, жазба жұмыстары, жазу дағдысы, кері байланыс беру практикалары, жазба жұмыстардағы қателерді түзеу, өз бетінше оқу

Аңдатпа

Бұл (qualitative) зерттеу жұмысы қазақ ағылшын тілі (EFL) мұғалімдерінің оқушылардың жазба жұмыстарына берілетін мұғалімдердің кері байаныстарына көзқарастарын, олардың кері байланыс беру тәжірибелерін және кездесетін қиындықтарын зерттеуді мақсат етеді. Деректер Алматы қаласындағы мемлекеттік, мамандандырылған және халықаралық мектеп мұғалімдерімен өткізілген сұхбаттар арқылы жиналды. Жиналған мәліметтер тақырыптық анализ (thematic analysis) әдісімен талданды.

Зерттеу нәтижелері жазбаша жұмыстарға берілетін пікірдің оқушылардың жазу дағдыларын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Қатысушылар негізінен таңдаулы кері (selective feedback) байланыс беруді немесе жазу тапсырмасының мақсатына сәйкес кері байланыс беруді құптады. Сонымен қатар, кейбір мұғалімдер тікелей кері байланыс (direct feedback) дұрыс деп есептесе, басқалары жанама кері байланыс (indirect feedback) беруді жөн көрді, өйткені бұл оқушыларды терең әрі өз бетінше оқуға ынталандырады деп санайды.

Сонымен бірге, уақыттың жеткіліксіздігі, тексерілуі қажет ететін жазба жұмыстардың көптігі, түсініксіз жазу үлгісі, плагиат және жасанды интеллектті шамадан тыс пайдалану сияқты қиындықтар мұғалімдер үшін негізгі мәселелер ретінде анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи