БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ EFL САБАҚТАРЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУЫ: БАР ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.47344/qn7jrv76Кілт сөздер:
академиялық адалдық, академиялық адалдық бұзушылықтар, факторлар, түсініктер.Аңдатпа
Плагиат деңгейінің өсуі мен ЖИ-дің пайда болуымен академиялық адалдықты сақтау кез келген оқу орнында басты маңызға айналды.. Алайда, академиялық адалдық мәселесімен күресу үшін белсенді шаралар қабылданса да, мұғалімдерге оны сақтау қиынға соғуда. Академиялық адалдықты бұзу жиілігі артып келе жатқандықтан, студенттердің академиялық адалдықтың білім беру жүйесіндегі рөліне қатысты түсініктерін зерттеу маңызды. Сондықтан, бұл әдебиеттерге шолу мақаласы академиялық адалдыққа әсер ететін факторларды, академиялық адалдықты бұзушылықтың негізгі түрлерін және академиялық тәртіпсіздікке әкелетін себептерді анықтауға бағытталған. Нәтижелер оқытушыларға студенттердің көзқарастарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, туындаған проблемаларды тиімді шешуге көмектеседі.