ҚАЗАҚ АҢЫЗ-ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ АРХЕТИПТІК ОБРАЗДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

  • Гауһар Сағынғанова SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v68i3.2

Кілт сөздер:

архетип, мыстан кемпір, жалмауыз кемпір, матриархат, миф, бәйтерек, әлем моделі.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ ертегілері мен аңыздарындағы архетиптік бейнелер мен сюжеттер зерттелді. Мақала әлем туралы мифологиялық идеялардың маңыздылығын және олардың қазақ танымындағы мәдени сюжеттер мен образдардың қалыптасуына әсерін көрсетеді. Әртүрлі зерттеушілердің жұмыстары, олардың қазақ әдебиетіндегі архетиптердің маңызы мен түсіндірілуіне қатысты тұжырымдары мен гипотезалар сараланды. Көрнекті ғалымдар Қасқабасов С., Қондыбай С., Игілікова С.И., Қамзабекұлы Д. қазақ әдебиетіндегі архетиптік сюжеттер мен образдарды зерттеулеріндегі жасаған тұжырымдар талданды. Жалпы, мақала архетиптік сюжеттер мен образдар призмасы арқылы қазақ халқының мәдени мұрасы мен әдеби шығармашылығын зерттеудң мақсат тұтады. Мақаланың қорытындысында қазақ халқының мәдени мұрасы мен әдеби шығармашылығының ерекшеліктерін түсіну үшін архетиптерді зерттеудің маңыздылығы туралы түйін жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи