ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ДА БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ (EFL/ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ) МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҒЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Көркемай Мухитова IELTS Academy Автор
  • Меруерт Закарова IELTS Academy Автор
  • Гульнара Касымова SDU University Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v68i3.1

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, хабардарлық, ағылшын тілі шет тілі ретінде, мұғалімдерді даярлау бағдарламасы.

Аңдатпа

Бұл зерттеу екі Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы болашақ EFL оқытушыларының Инклюзивті білім беру туралы хабардарлық деңгейін зерттеуге және салыстыруға бағытталды. Университет 1 - жеке көпсалалы университет, ал Университет 2 - мемлекеттік педагогикалық университет. Ағымдағы зерттеу сандық әдісті қолданды және бейімделген сауалнама 80 қатысушыға таратылды. Нәтижелер екі университетте де EFL оқытушыларының Инклюзивті білім берудің тұжырымдамасы, мақсаттары мен маңыздылығы туралы хабардарлығы бірдей жоғары деңгейде екенін көрсетті, дегенмен екі топ инклюзивті білім беру саясаты және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы туралы хабардарлықтары орташа деңгейде болды. Сонымен қатар, Университет 1 Университет 2-ге қарағанда оқыту әдістері мен мәселелері, мүгедектіктің көрінетін және көрінбейтін түрлері, дарынды балалардың инклюзивтіліктің дамуына ықпал етудегі рөлі туралы хабардарлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Осы зерттеудің нәтижелерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын жетілдіру үшін пайдалануға болады.          

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи