МӘТІН АРҚЫЛЫ БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Ұлбала Әбілда Автор

DOI:

https://doi.org/10.47344/sdu20bulletin.v63i2.887

Кілт сөздер:

таным, құзыреттілік, мәтін, танымдық аймақ, мәдениет, мәдениеттаным, оқыту.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи